Экономика • 10 Қараша, 2021

Елімізде өңдеу өнеркәсібінің қарқынды өсуі байқалады

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев өңдеу өнеркәсібіндегі тұрақты өсу үрдісі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде өңдеу өнеркәсібінің қарқынды өсуі байқалады

«Өңдеу өнеркәсібі тұрақты өсу үрдісін сақтап отыр. Осы жылдың қаңтар-қазан айларында өндіріс көлемі 5,3%-ға өсті. 14 өңір оң өсім көрсетті. Ең көп ұлғаю Алматы, Қостанай және Қызылорда облыстарында байқалады. Өңдеуші өнеркәсіп салалары бойынша фармацевтикалық өнім өндірісінің 33,6%-ға, машина жасау өнімі - 19,5%-ға, оның ішінде автомобиль жасау - 23,4%-ға, вагондар мен локомотивтер өндірісі - 59%-ға, құрылыс материалдары - 9,3%-ға, пластмасса бұйымдары - 36,5%-ға, дайын металл бұйымдары - 16,4%-ға, киім-кешек - 11,4%-ға және жиһаз - 11,8%-ға қарқынды өсуі қамтамасыз етілді», деді Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында.