Коронавирус • 10 Қараша, 2021

Балаларға коронавирусқа қарсы вакцина мектептерде жүргізіледі

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балаларға коронавирусқа қарсы вакцина мектептерде жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балаларға коронавирусқа қарсы вакцина мектептерде жүргізіледі

«Балаларды вакцинациялау әдетте оқу орнындағы екпе пункттерінде, яғни білім беру ұйымдарында жүргізіліп келді. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация да жасөспірімдердің, кәмелетке толмағандардың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің ақпараттық келісімінен кейін білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады», деді министр.

Осы ретте Алексей Цой облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдіктері Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерімен бірге КВИ-ге қарсы вакцинациялау мәселесі бойынша жасөспірімдердің, кәмелетке толмағандардың ата-анасын немесе өзге де заңды өкілдерін, педагогтерді ақпараттандыруы қажеттігін айтты.

Бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді тарта отырып, КВИ-ге қарсы вакцинация мәселесі бойынша халық арасында кеңінен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін атап өтті.

«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері санитарлық нормаларға сәйкес екпе пункттерін дайындауы, вакцинаның бірінші топтамасы жеткізілгенге дейін тоңазытқыштарды орнатуы, вакцинаны тасымалдау, сақтау және қолдану ережесін сақтауы, медицина қызметкерлерін дайындауы тиіс», деді ол.