Үкімет • 10 Қараша, 2021

Прокурордың шешім қабылдау мерзімі бір айдан 3 күнге қысқарды

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Бас Прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп жазады Egemen.kz.

Прокурордың шешім қабылдау мерзімі бір айдан 3 күнге қысқарды

«Осы жылдың басынан бастап тергеу органдарын күдікті деп тану, әрекеттерді саралау, тергеу мерзімдерін үзу, істі тоқтату туралы шешімдерді тек прокурор заңдастырады. Прокурор келісім бермесе олар заңсыз болып есептеледі. Электронды іс жүргізуді енгізу процесті жедел әрі жеңіл етуге мүмкіндік берді. Тергеуші істі прокурорға жолдайды. Ол өз қаулысын жүйеде әзірлеген кезде прокурорға бірден электронды хабарлама түседі», деді Әсет Шындалиев.

Сонымен қатар прокурордың шешім қабылдау мерзімі де қысқарды. Бұрын істер бір ай қаралса, қазір 24 сағаттан 3 күнге дейін қаралады.

«Шешімдер заңды болғанда прокурор оларға цифрлық қол қойып, келіседі. Ал заңсыз болса, бас тартады. Өткен 10 айдың ішінде прокурорлар тергеудің 329 мың қаулысын тексеріп, 287 мың шешімге келісім берді, қалған шешімдер қолдау таппай, түзетуге жіберілді», деп түсіндірді ол Мәжілісте.