Қазақстан • 10 Қараша, 2021

Мамин азық-түлік инфляциясымен күресті жалғастыруды тапсырды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин азық-түлік инфляциясына қарсы күрес жұмыстарын жалғастыруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамин азық-түлік инфляциясымен күресті жалғастыруды тапсырды

«Жалпы, азық-түлік инфляциясының өсуін тоқтатуға қол жеткізілді. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет», деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Осы орайда ведомстволарға бірқатар тапсырмалар берілді.

«Министрліктер мен әкімдіктерге отандық өндірісті барынша қолдауды, инвестиция тартуды, экспортты ілгерілетуді, халықты жұмыспен қамтуды сақтауды және тұрақты жұмыс орындарын құруды тапсырамын. Сондай-ақ, бюджет қаражатын уақтылы игеру бойынша шаралар қабылдау қажет», деп түйіндеді Асқар Мамин.