Әлем • 10 Қараша, 2021

Төрт босқынды ұрып-соққан

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусь мемлекеттік шекара комитеті Польша шекарасындағы стихиялық лагерьде поляк қауіпсіздік күштері соққыға жыққан төрт күрд босқынын тапқанын, оларға Беларусь тарапынан қажетті көмек көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төрт босқынды ұрып-соққан

Дүйсенбі күні Беларусь мемлекеттік шекара комитеті босқындардың үлкен тобы, негізінен күрдтердің Беларусь пен Польша шекарасына бет алғаны жайлы ақпарат таратқан болатын.

 Шекара сызығына екі мыңнан астам босқын тоқтаған. Оның ішінде әйелдер мен балалардың көпшілігі стихиялық лагерь құрған. Поляк қауіпсіздік күштері оларды жібермеген. Өз кезегінде мигранттар кедергілерді жеңуге тырысқан.

 «Бүгін Беларусь-Польша шекарасындағы стихиялық босқындар лагерінде төрт күрд азаматы табылды. Барлығында әртүрлі жарақаттар мен физикалық зорлық-зомбылық іздері болған. Босқындардың айтуынша, олар Польшада ұсталған. Онда олар қорғауды және босқын мәртебесін беруді сұраған», - делінген шекара комитетінің хабарламасында.

 «Мигранттардың денесіндегі көптеген жарақаттарға сүйене отырып, поляк қауіпсіздік күштері адамдарға қатыгездік танытты деуге болады. Олар күш қолдана отырып, босқындарды Беларусь шекарасындағы тікен басқан жерге шығарды», делінген хабарламада. «Зардап шеккен босқындарға қажетті көмек көрсетілді», - деп толықтырды комитет өкілі.

 Жақында Литва, Латвия және Польша, Беларусь елімен шекарада ұсталған заңсыз мигранттар санының өскенін хабарлады, Минскіні көші-қон дағдарысын жасады деп айыптады. Минск барлық айыптауларды жоққа шығарады. Жағдайға байланысты Польша президенті Беларусь мемлекетімен шекаралас аумақтарда төтенше жағдай режимін енгізді, әскер мен полиция шекараны қорғауға тартылды.