Аймақтар • 10 Қараша, 2021

Алматыда төрт көлік соқтығысты

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда төрт көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда төрт көлік соқтығысты

Жол апаты Байтұрсынұлы көшесінде Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығында болған.

Ford көлігінің жүргізушісі қозғалысын тоқтата алмай Mitsubishi Lancer-ге соғылған. Ауыр соққыдан Mitsubishi Lancer Mitsubishi Montero-ның астында қалды, ал Montero алда тұрған Volkswagen Passat-қа соғылды.

Жол апаты салдарынан Mitsubishi Lancer жолаушысы зардап шекті. Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеуде.