«Өрттің себебі - төсек-орын жабдықтарының, үй заттарының, кереуеттің және басқа мүліктің тұрмыстық электр жылытқыштың жылу әсерінен, онымен тікелей байланыста болған кезде немесе ол жеткіліксіз қашықтықта орналасқан кезде тұтануы», деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада Жезқазған орталық ауруханасындағы палаталардың бірін от шарпыды. Өрт төртінші қабатта пайда болды.
Оқиға орнынан 1961 жылы туған науқастың денесі табылды.