Кәсіпқой бокс • 10 Қараша, 2021

Белгілі промоутер Эдди Хирн Головкинге қатысты пікір білдірді

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі промоутер Эдди Хирн мексикалық Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасында үшінші жекпе-жек өткенін қалайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі промоутер Эдди Хирн Головкинге қатысты пікір білдірді

«Әлбетте, кәсіпқой бокс әлеміндегі ең үлкен жекпе-жек – Альварес - Головкин трилогиясы. Бұл Сауль Альварес үшін ең үлкен шайқас екені даусыз. Алайда Сауль не істегісі келсе де өзі біледі. Екінші орта салмақтағы абсолютті чемпион атағын қорғай ма, жартылай орта салмаққа ауысып сол жақта абсолютті әлем чемпионы болғысы келе ме? Мұның бәрі өзінің жеке шаруасы. Дәл қазір «Канело» мен Эдди Рейносо – бастық. Біз бірнеше нұсқа ұсынамыз. Шешімді өздері қабылдайды», деді ол өз ойымен бөлісіп.

Расында да бокс әлемінде бұдан өткен үлкен шайқас жоқ екені анық. Альварес те мұны жақсы біледі. Бірақ Головкинмен үшінші рет жұдырықтасуға тәуекелі жете ме? Ол жағы беймәлім.

Соңғы жаңалықтар

Термо шам

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:18

Face ID қалай пайда болды?

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:12

Кетбұқа сұлтанның теңгесі

Жәдігер • Бүгін, 09:10

Кака кетіп, Какау келді

Спорт • Бүгін, 09:02

Фонограмманы заң шектей ала ма?

Мәдениет • Бүгін, 09:00

Ұшқышсыз авиация орталығы

Университет • Бүгін, 08:55