Саясат • 11 Қараша, 2021

Швеция премьер-министрі отставкаға кету туралы өтініш берді

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швеция премьер-министрі Стефан Левен парламент спикері Андреас Нурленске отставкаға кету туралы өтініш берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Швеция премьер-министрі отставкаға кету туралы өтініш берді

Левен үкімет басшысы лауазымына Экономика және қаржы министрі Магдалена Андерссонды ұсынды.

Бұған дейін 5 қарашада Левен «Социал-демократиялық» партияның көшбасшысы қызметінен кеткен болатын. Министр Магдалена Андерссон социал-демократтардың жаңа жетекшісі болып сайланды.

«Социал-демократиялық» партия мен «Жасылдар» партиясы құрған жаңа коалициялық үкімет осы аптада парламентте дауысқа салынады деп күтілуде. 

Орталық партия Андерссонды қолдайтынын айтты.

Андерссон Швеция үкіметін басқаратын алғашқы әйел болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында көпір құлады

Төтенше жағдай • Кеше