Коронавирус • 11 Қараша, 2021

Алматыға Pfizer вакцинасы келді

224 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Pfizer вакцинасының 46 800 дозасы Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыға Pfizer вакцинасы келді

Бүгін «Комирнати» вакцинасы әуежайдан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы вакциналардың орталықтандырылған қоймасына келіп түсті. Енді аталған вакцина Алматы қаласының барлық емханалық ұйымдарына бөлінетін болады.

«Біз вакцинаның температуралық режимнің барлық шарттарын сақтай отырып жеткізілуін бақыладық және оған көз жеткіздік. Біз 8 қорапта қапталған вакцина алдық. Барлық қораптар зауыттан вакцина қоймасына дейінгі барлық жол бойында температуралық датчиктермен жабдықталды», деді Орталық қалалық клиникалық аурухана директорының инфекциялық бақылау эпидемиологиялық мәселелері жөніндегі орынбасары Эльвира Ибрагимова.

Оның айтуынша, вакциналау бірінші кезеңде медициналық мекемелерде, содан кейін мектептер мен ЖОО-да өтеді.

«Барлығы 46 800 доза алдық. Мұнда бірінші және екінші компонент бар. Сондықтан біз оларды екіге бөлуіміз керек - бірінші компоненттің 23 400 дозасы және екіншісінің 23 400 дозасы. Вакциналау 21-28 күн аралығында жүргізіледі», деді денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Вакциналау тобына жүкті, бала емізетін әйелдер мен 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер жатады.

«Жүктіліктің 16-дан 37 аптасына дейін вакцина алуға болады. Ал бала емізетін әйелдер бала туған сәттен бастап 42 күннен кейін вакцина салдыра алады», деп түсіндірді дәрігер.

Қоймадағы вакцина 60-тан 90 градусқа дейінгі температуралық режимде сақталады.

«Емханалар вакцина алған кезде температура режимін өзгертеді. Яғни, вакцинаны сақтау Цельсий бойынша + 2, + 8 градус температурада жүзеге асырылады. Бұл нұсқаулықта жазылған, бір ай ішінде аталған вакцинаны осы температуралық режимде сақтауға болады», деді Эльвира Ибрагимова.

1