Әлем • 11 Қараша, 2021

150-ге жуық босқын шекарада шабуыл ұйымдастырды

257 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Беларусь елінің билігі Беларусь-Польша шекарасындағы қақтығыстың алдын алу үшін ең шешуші шараларды қабылдайды». Беларусь СІМ басшысы Владимир Макей осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

150-ге жуық босқын шекарада шабуыл ұйымдастырды

«Біз ел аумағында қандай да бір қақтығыстардың болғанын қаламаймыз және оның алдын алу үшін барлығын жасауға тырысамыз. Батыл шаралар қабылданатын болады», деді ол. Беларусь СІМ басшысы шекарадағы жағдайдың қалай өрбитініне ешкім кепілдік бере алмайтынын да тілге тиек етті.

«Бүгінгі таңда әріптестеріміз тарапынан туындайтын сын-қатерлер мен қауіптерге қандай да бір ситуациялық ден қою салдарынан нақты болжам айту мүмкін емес», деді министр.

Дүйсенбі күні Беларусь мемлекеттік шекара комитеті босқындардың үлкен тобы Беларусь пен Польша шекарасына бет алғанын хабарлаған болатын.

Поляк кедергілерінің алдындағы шекара сызығына 2 мыңнан астам босқын тоқтады, оның ішінде әйелдер мен балалардың көпшілігі стихиялық лагерь құрды. Поляк қауіпсіздік күштері оларды жібермегендіктен, мигранттар кедергілерді жеңуге тырысты.

Жақында Литва, Латвия және Польша Беларусь елінен келіп, шекарада ұсталған заңсыз мигранттар санының өскенін хабарлады. Олар ресми Минскіні көші-қон дағдарысын жасады деп айыптады. Минск барлық айыптауларды жоққа шығарды. Жағдайға байланысты Польша президенті Беларусь мемлекетімен шекаралас аумақтарда төтенше жағдай режимін енгізді, әскер мен полиция шекараны қорғауға тартылды. Беларусь Президенті Александр Лукашенко Минск бұдан былай ЕО елдеріне заңсыз мигранттардың ағынын тоқтатпайтынын атап өтті.

Әйткенмен 150-ге жуық заңсыз босқындар тобы кеше түнде Беларусь-Польша шекарасына шабуыл жасағаны мәлім болды. Бұл туралы Польша ІІМ өкілдері хабар таратты.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20