Бокс • 11 Қараша, 2021

Арулар рингке наурыз айында шығады

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 2022 жылдың наурыз айында өтетін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арулар рингке наурыз айында шығады

Негізі бұл дода осы жылдың 6-19 желтоқсаны аралығында Түркияның Ыстанбұл қаласында өтуі керек болған. Алайда AIBA басшылығы көптеген құрамалардың індетке байланысты қиындықтарға тап болғанын ескеріп, доданы келесі жылы өткізгенді жөн деп тапты.

«Бірнеше құраманың осы жарысқа дайындықты бастап кеткенінен хабардармыз. Олардың көңіл-күйі түсетінін де сеземіз. Әйткенмен қазір спортшылардың денсаулығы, қауіпсіздік мәселелеріне бейжай қарай алмаймыз», деді ұйым басшысы Умар Кремлев мәселенің мән жайына тоқталып.