Елорда • 12 Қараша, 2021

Қоңыр үнді сазсырнай

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда филармониясында тұңғыш рет сазсырнай және оның түрлерімен шығармашылық концерт өтті.

Қоңыр үнді сазсырнай

«Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің әртісі – Омар Райхан­ның  «Көнеден жеткен сырлы әуен» атты кештің ерекшелігі – домбыра үнінен бөлек уілдек, тастауық, сазсырнай, шаңқобыз, үскірік, жетіген, құссайрауық, сынды музыкалық аспаптармен шы­ғармалар жекелей орындалды.

Кеш барысында республикалық және халықаралық конкурс­тардың лауреаттары – Сәулежан Тағзия, Перизат Тұрарова, Қара­гөз Гасимова, Айбала Бейсенова, Оспан Құлсымақ, Сандуғаш Тұрған­бекқызы, Көркем Шолошова мен «Шалқыма» халық би ансамблі өнер көрсетті.

Елімізде алғаш өткізілген сазсырнай және оның түрлері­мен үндескен өзгеше кеш көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Концерттің көркемдік жетекшісі – «Мәдениет сала­сының үздігі» Тоғжан Жахин.