Елорда • 12 Қараша, 2021

Елордада үш облыстың жәрмеңкесі өтеді

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13-14 қарашада «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстары тауар өндірушілерінің және астаналық кәсіпкерлердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада үш облыстың жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкеде сиыр еті, жылқы еті мен қой еті, құс еті, сүт және ашыған сүт өнімдері, көкөністер (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат), жемістер, тауық жұмыртқасы, балық, жарма, жоғары сұрыпты ұн және т. б. бірінші қажеттіліктегі өнімдердің кең ассортименті ұсынылады.

Екі жәрмеңкеге барлығы 200-ден астам тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер қатысады. Жәрмеңкеде құны нарық бағасынан 10-15% төмен жаңа өнімдер сатылады.