Аймақтар • 12 Қараша, 2021

Акция аясында қайырымдылық жасалды

302 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап ұйымдастырған «30 игі іс» акциясы аясында кезекті қайырымдылық шарасын өткізді. Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылында партияның өңірлік филиал төрағасы Нұржан Әжіметов пен партия тізімімен сайланған облыс мәслихатының депутаты Төрегелді Қалмұратов Түркия инвесторларымен бірге ашқан зауыттың алғашқы өнімін балалар мен ерекше мұқтаж жандарға таратты.

Акция аясында қайырымдылық жасалды

«Тасарық» арнаулы əлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен Сайрам аудандық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде əлеуметтік қызмет көрсету» мекемесіне 4 000 дана медициналық бұйым тегін табыс талды. Зауыт партия мүшесі, облыстық мəслихат депутаты Төрегелді Қалмұратов пен Түркия компаниясының біріккен жобасының аясында жақында ашылған болатын. Кəсіпорын балалар мен ересектерге арналған гигиеналық өнім шығарумен айналысады. Жоспар бойынша өндірістік қуаты 400 млн дана бол мақ. Бұл еліміздегі ішкі нарықтың қажеттілігін толық өтеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар экспорт бағытын бағындыру да көзделуде. Шығарылатын жөргектер экологиялық таза компоненттерден жасалған, ал оның құрамындағы шикізаттың барлығы отандық өнім. Қайырымдылыққа бағыштаған заттар-ды тапсыру барысында Төрегелді Қалмұратов «Ауыл» партиясы бастаған «30 игі іс» акциясы туралы ести сала іс-шараға өз қалауымен қатысуды жөн көргенін жеткізді. Оның айтуынша, алғашқы шығарған өнім жоғары сапаға ие екенін көрсетіп отыр.

Депутат елімізде кəсіпкерлікті дамыту саясаты бизнес-субъектілердің қоғам алдында əлеуметтік жауапкершілігін арттыруын көздейтінін айтты. Бұл еңбек етудің қауіпсіз жəне жайлы шарт тарын қамтамасыз етуге, кəсіби дамуға, тұрғын үй мəселелерін шешуге жəне қызметкерлер мен олардың отбасыларының тіршілік ету сапасын жақсартуға, ардагерлер мен зейнеткерлерге материалдық қолдау көрсетуге, əлеуметтік қоғамдастықтарға қолдау білдіруге бағытталған қадам. Əр кəсіпкер өз қарамағындағы жұмыскерлерге, ауыл тұрғындарына қолдау көрсетіп тұрса, əлеуметтік проблемалардың азаятынын айта келе, депутат «Ауыл» партиясы ұйымдастырған қайырымдылық акциясына барша қазақстандықты атсалысып, қатысуға шақырды.

Төрегелді Қалмұратовтың айтуына қарағанда, қазіргі уақытта зауытта 60 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. Оның 70 пайызы ерекше мұқтаж адамдар. Оларға тұрақты жұмыс көзін ашып беру арқылы зауыт құрылтайшысы, ауылдық Төрегелді Қалмұратов мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау мəселесін сөзбен емес, нақты іспен шешуге болатынын дəлелдеді. Сондай-ақ депутат «Ауыл» партиясының отандық өндіріс орындарын ашу барысында импорт көлемін азайтып, халықтың жоғары сұранысына ие өнімдерді шығару керек деген талабын орындап отыр.

Айта кетелік, «Ауыл» партиясының «30 игі іс» акциясы Алматы облысында баспанаға мұқтаж адамдарға тұрғын үй кілттерін табыстаудан басталған еді жəне желтоқсанның 16-сына дейін жалғасатын болады. Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шаралар барысында қарттарға, көпбалалы отбасылар мен мүгедектерге қолдау көрсетіледі. Жүздеген мұқтаж адам азық-түлік себеттерімен, вирусқа қарсы жəне иммунитетті жақсартатын препараттармен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ облыс орталықтарында «Дертті жанға дем бер» донорлық акциясы, республикалық деңгейде жиындар өткізілмек.