Спорт • 12 Қараша, 2021

Недовесов Братиславадағы турнирдің жартылай финалына өтті

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге Братиславада (Словакия) өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz порталындағы мәліметке сүйеніп.

Недовесов Братиславадағы турнирдің жартылай финалына өтті

Ширек финалда Недовесов пен Молчанов испаниялық Серхиу Гомес пен үндістандық Рамкумар Раманатан жұбын жеңді. 

1 сағат 9 минутқа созылған кездесу 4:6, 4:6 есебімен аяқталды.

Жартылай финалда олар Нараянасвами (Индия) және Дивиж Шаран (Үндістан) жұбымен кездеседі.