Қазақстан • 12 Қараша, 2021

Елордада 1200-ге жуық мас жүргізуші ұсталды

216 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері көлікті мас күйінде басқарған 1200-ге жуық жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада 1200-ге жуық мас жүргізуші ұсталды

Елордалық Полиция департаментінде «Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мас күйінде көлікті басқарудың жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізу» тақырыбында брифинг өтті.

Полиция департаменті тарапынан елорда жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде жүзеге асырады.

Сондай-ақ апаттық талдауды ескере отырып, бекеттердің орналасуына және саптық бөлімшелердің патрульдеу бағыттарына түзетулер енгізіледі.

Өткен кезеңде 130 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзғандардың жолы кесілді.

Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 1 181 жүргізуші ұсталды.

1 400-ден астам апаттық жағдайларды туғызу фактілерінің жолы кесілді. 16 653 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.

(5036) мектептердің және (874) мектепке дейінгі мекемелердің қамтылуымен онлайн және офлайн режимде балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша дәрістер ұйымдастырылды.

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыруға бағытталған «Мас жүргізуші қылмыскер», «Автобус», «Назар аударыңыз бағдаршам», «Назар аударыңыз балалар», «Қауіпсіз жол» және т.б. жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізілуде.

Мәселен айта кетсек, жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында ағымдағы жылдың 8-17 қарашасы аралығында қала аумағында «Қауіпсіз жол» атты республикалық алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Жол жүру ережелерін қадағалау кезінде жол жүрудің апаттық жағдайына әсер ететін өрескел бұзушылықтарға сондай-ақ жаяу жүргіншілермен жұмыс жүргізуге ерекше назар аударылады.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің алғашқы екі күнінде департамент қызметкерлері мүдделі органдармен бірлесіп, жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1436 дерегін анықтады.

20 көлікті мас күйінде басқару;

апатты жағдай тудырғаны үшін 19 бұзушылық анықталды;

33 қарама-қарсы бағытқа шығып кету;

37 бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту;

238 жаяу жүргіншілердің жолдың жүру бөлігін кесіп өту сынды фактілер анықталып барлығы 82 автокөлік айыппұл тұрағына орналастырылды.

«Қауіпсіз жол» атты жедел-алдын алу шарасы аясында автошеру ұйымдастырылды.