Оңтүстік Калифорния, Нью-Йорк университеті және Массачусетс технологиялық институтының студенттері бүгін шұғыл түрде эвакуацияланды.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Олар ғимараттарды тексеріп, университет аумағында жарылғыш заттың жоқ екенін анықтап, түскен хабарламаны жалған деп таныды. Қазір білім ордалары қалыпты жағдайда жұмыс істеуде.
Америкалық телеарналардың хабарлауынша, соңғы аптада бірнеше университеттің қызметкерлері мен студенттері жедел көшірілген. «Жарылғыш зат бар» деген хабарламаның барлығы жалған болып шыққан. «Хабарды таратқандар жазасыз қалмайды», дейді жауаптылар.