Осы жылы ғана бірінші курс студенті атанған жасөспірім оқытушыларға іштей наразы болған. Ол досына серіктес болуды және оқу орнында жаппай кісі өлтіруді ұсынған. Жас жігіт қылмыстық әрекетті өзінің кәмелет жасына толған туған күнінде іске асырғысы келген.
Барлық ұстаздарды өлтіруге бел буған студент тек кураторының ғана аман қалғанын қалаған. Мұғалімдерді өлтірген соң ол өз-өзіне қол жұмсауды жоспарлаған.
Алайда оның досы мұндай жоспардан қорқып, оны құрбысына айтқан. Құрбысы полиция қызметкерлеріне хабарлаған. Бүгінде тергеушілер студенттен телефонын алып, оның жазбаларын толық зерттеуде.