Әлем • 12 Қараша, 2021

Измир жағалауында 30-дан астам мигрант құтқарылды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркиялық БАҚ Грекияның жағалау күзеті халықаралық құқықты бұзып, мигранттар мінген қайықтарды түрік суларына шығаруды жалғастырып жатқанын жазуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Измир жағалауында 30-дан астам мигрант құтқарылды

Түркияның жағалау күзеті Грекияның аумақтық суларынан Түркия жағалауына қарай шығарылған 33 заңсыз мигрантты құтқарды. 

Түркия жағалау күзетінің мәліметінше, Урла аймағының жағалауынан мигранттар мінген қайық табылған. Заңсыз мигранттар резеңке қайықтармен Грекияға өтпек болған. 

Құтқарылғандар Измир облысының көші-қон басқармасына жеткізілді.