Кәсіпқой бокс • 12 Қараша, 2021

Головкин «Канелоның» айтқанына көнді

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі промоутер Эдди Хирн орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Головкин «Канелоның» айтқанына көнді

«Әлбетте, Сауль Альварес үшін Геннадий Головкинге қарсы трилогия ең үлкен шайқас екені даусыз. Бұл жекпе-жек 168 фунт салмақта өтеді. Трилогияның ауқымы қазіргі таңда бұрынғыдан да кең», деді ол.

Бұған дейін «Канелоның» өзі Головкинмен екінші орта салмақта ғана кездесетінін айтқан болатын. Эдди Хирннің Головкинмен қоян-қолтық жұмыс істейтінін ескерсек, Головкин Альварестің талабына көнгеніне бек сенімдіміз.