Оңтүстікте соңғы 5 жылда 251 білім нысаны іске қосылды
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауы тәуелсіз еліміздің болашақ бағыт-бағдарын айқындап қана қоймай, 2050 жылға дейінгі даму жоспары мен оны іске асырудың алғышарттарын белгілеп берді. Стратегиялық маңызды құжат қағидаттарымен құнды, өзектілігімен өміршең. Ел Президентінің: «ХХІ ғасыр білім мен ғылым ғасыры болады», деп айтуында үлкен мән-мағына жатыр. Елбасы қазақстандық білім мен ғылым жастардың қолында екендігін және интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы үнемі айтып келеді. Өйткені, әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына ену тек білім мен ғылымға негізделу керек. Бұл – заман талабы. Демек, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуы инновациялық жүйе мен адами капиталға байланысты екені тағы да бір дәлелденді. Осындай талаптар тұрғысынан алғанда, стратегиялық маңызды құжат республика жұртшылығына, оның ішінде, білім мен ғылым салаларындағы педагогтар қауымына айрықша серпін беріп, алдағы күндерге жігерлендіре түскені ақиқат. Қазағы қалың, ұлттық ортаның ұстыны, демографиялық өсуі жоғары, еліміз бойынша дүниеге келетін әрбір бесінші баланың отаны саналатын Оңтүстік Қазақстан өңірі Президентіміздің шынайы қамқорлығын күнделікті сезініп келеді. Елбасы тапсырмаларын басшылыққа алған облыс әкімі Асқар Мырзахметов білім саласына айрықша назар аударып, бақылауды бір бәсеңдеткен емес. Соңғы бес жыл ішінде саладағы жағдай салыстырмалы түрде алғанда анағұрлым жақсарды. Облыс бюджетінің үштен бірі осы салаға бағытталуының өзі көп нәрсені аңғартады. Жалпы, Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындауда және мемлекеттік білім беру стандартын басшылыққа алып, оның талаптарын іске асыруда нәтижелі істер атқарылуда. Өңірдің білім саласына 2012 жылы 145 739,5 миллион теңге бөлінсе, өткен жылы 155 574,8 миллион теңгеге ұлғайып, 6,8 пайыз артты. Соңғы екі жылда бюджеттен қарастырылған қаржылар 99,9 пайыз игерілді. Маңызды салаға өңір басшысы үнемі назар аударып келеді. Соның арқасында облыстағы мектептердің материалдық-техникалық базасы анағұрлым жақсарды. Білім ұяларында парталар мен тақталар жаңартылып, сыныптар, интерактивті тақталар мен лингофон-мультимедия жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Химия, биология, физика кабинеттері және компьютер сыныптары заманауи талапқа сай безендірілді. Осының есебінен еліміздегі жалпы оқушылардың үштен бірін құрайтын облысымызда өткен төрт жылда мектептердің материалдық-техникалық базасы республикалық ортақ көрсеткішке жетті. Былтыр білім ошақтарындағы материалдық-техникалық базаны нығайтуға облыстық бюджеттен 172,5 миллион теңге, республикалық қазынадан 803,7 миллион теңге бөлінді. Білім нысандарын салу бойынша құрылысқа 21,6 млрд. теңгеге 86 білім нысанының құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 55-і мектеп, 15-і балабақша, 7-еуі қосымша құрылыс еді. Ал, жеті білім ошағы қайта құрылып, екі колледж бой көтерді. Осы құрылысы жүргізілген нысандардың өткен жылы 48-і пайдалануға берілді. Атап айтқанда, 31 мектеп, 7 балабақша салынып, 6 қосымша құрылыс жүргізілді, 2 колледж іске қосылды. Ал, қосымша жергілікті бюджет және демеушілер қаржысы есебінен 6 білім нысаны тапсырылды. Оның бесеуі мектеп болса, біреуі балабақша. Сонымен бірге, 2013 жылы 165 білім ошағы күрделі жөндеуден өтіп, оған барлығы 6,6 млрд. теңге қаржы жұмсалды. Өңірімізде соңғы 5 жылда 251 білім нысаны іске қосылыпты. Бұл облыстағы 62 апаттық, 29 үш ауысымда оқитын мектептің жағдайын шешіп, қам кесектен салынған мектеп санын 270-тен 188-ге төмендетті. Тасымалданатын оқушылардың саны 3000-ға азайып, оқушы орнына тапшылық 15 мыңға кеміді. Елбасының Жолдауында «2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамту 100 пайыз жоспарлануда», деп атап көрсетілген. Осы ретте «Балапан» бағдарламасының орындалуына тоқталсақ, өткен жылдың қорытындысымен облыс бойынша 1-6 жастағы 132 983 баланы, оның ішінде 3-6 жастағы 214 100 баланы қамтитын 1256 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеуде. 2012 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйым саны 128-ге артты. Яғни, 50 шағын орталық, 78 балабақша жұмыс істеуде. Соңғы төрт жылда балаларды қамту 36,8 пайызға, ал қамтылған бүлдіршіндер саны 82 608-ге артып отыр. 687 балабақшаның 366-сы жекеменшік саналады. Оларға 35 197 бала мемлекеттік білім беру тапсырысымен орналастырылып тәрбиеленуде. Биыл қосымша 174 мектепке дейінгі ұйым ашылып, 3-6 жастағы балаларды қамтуды 76,3 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. Былтыр 2012 жылмен салыстырғанда мектеп саны үшеуге, бала саны 9 325-ке көбейіп, оқу жылында 1 022 жалпы білім беретін мектепте 543 520 оқушы білім алуда. 1 сыныпқа келген оқушылар мен бітірушілердің алшақтығы 27,8 мыңды құрап отыр. Яғни, 37 148 оқушы мектеп бітірсе, жаңа оқу жылында 64 988 оқушы 1-сыныпқа келді. Бала санының көбеюіне байланысты өңірімізде үш ауысымда оқытатын мектептер бар. Шәкірттердің білім деңгейі мен сапасы да жыл өткен сайын жақсара түсуде. Былтырғы өткізілген ҰБТ нәтижесі бойынша облыстың орта баллы 72,50-ді құрады. Бұл 2012 жылғыдан +5,61 баллға жоғары. Мектептің тірегі – мұғалім десек, облыстағы педагог кадрлардың өз біліктілігін арттыруға ұдайы көңіл бөліп келеміз. 2013-2014 оқу жылында өңірімізде 60 469 педагог кадр жұмыс істеуде. Олардың 17 пайызы жоғары санатты, 30,5 пайызы бірінші, 30,7 пайызы екінші санатты ұстаз. Өткен оқу жылына қарағанда, мұғалімдер саны 4 152-ге көбейді. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мәселесі біздің тұрақты назарымызда екенін айтып өткім келеді. Кембридж университетінің тәжірибесін үйрету арқылы педагог кадрлардың өз кәсіби шеберліктерін ұштауға баса мән берілуде. Осы мақсатта облыстық білім басқармасы соңғы екі жылда Алматы қаласындағы ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын республикалық институты, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы, Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымдарының педагогтар шеберліктерін арттыру орталығы филиалымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, мұғалімдердің деңгейлік курстардан өтуін қамтамасыз етіп келеді. Ұстаздар еңбегінің айқын жемісі шәкірттерінің ұлттық бірыңғай тестілеуден алған баллдарына байланысты болса, екіншіден халықаралық және республикалық пән олимпиадаларынан, ғылыми жобалар байқауынан жеткен жетістіктерінен байқалады. 2013 жылы облыс бойынша 500-ден астам оқушы жоғарыда аталған білім сайыстарына қатысып, жеңімпаз атанды. Бұрнағы жылмен салыстырғанда жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны 4 есеге көбейді. Еліміздегі ең ауқымды сайыс саналатын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада екі жыл қатарынан ІІІ орынды иелендік. Сонымен қатар, «үздік олимпиадалық мектеп» және «үздік олимпиадалық команда» атағын, қазақстандық «Бастау» математикалық турнирінде ІІІ, жазғы математикалық ойындарда ІІ, Болгарияда өткен халықаралық математика олимпиадасында ІІ орынды жеңіп алдық. «Жарқын болашақ» V республикалық КАТЕV қазақ тілі олимпиадасында І, мектеп және колледж оқушыларының арасындағы республикалық VІ жазғы спартакиадасында І, Қазақстанның патриоттық клубтары мен бірлестіктерінің республикалық далалық-әскери жиынында І, республикалық «Жас Ұлан» байқауында І, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша VІ, Президенттік олимпиадасында І, ІІ орынға шығып, мерейіміз үстем болды. Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы оқушыларының жетістіктерін жоғары бағалап, өзге өңірлерге үлгі ретінде биыл республикалық пән олимпиадасын Шымкент қаласында өткізуге шешім қабылдады. Бұл біз үшін үлкен сенім әрі зор жауапкершілік жүктейді. Білім сапасын ұдайы арттыру, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, шәкірттерге инновациялық негізде тереңдете оқыту, еліміздің ертеңгі тұтқасы болатын білімді әрі жан-жақты жастарды мектеп қабырғасынан баулу – біздің қасиетті әрі абыройлы борышымыз. Жолдау қағидалары білім саласы қызметкерлерін қанаттандырады, жаңа биіктерге жетелейді. Оңтүстіктік ұстаздар осы игілікті жолда талмай еңбектене береді. Альбина ЕЛШИЕВА, Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы. ШЫМКЕНТ.Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 16:25
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Бүгін, 15:47
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 14:42
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Руханият • Бүгін, 14:03
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Бүгін, 13:32