Президент • 12 Қараша, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев түркі елдерінің IT форумын ұйымдастыруды ұсынды

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Astana Hub» халықаралық IT стартап технопаркінде түркі елдерінің IT форумын ұйымдастыруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев түркі елдерінің IT форумын ұйымдастыруды ұсынды

«Біз инновациялар мен стартаптарды дамытуға қолайлы жағдай жасауымыз қажет. Бұл – ақпараттық технология дәуірінің басты талабының бірі. Сіздерді Түркі ұйымының заманауи технопарктер орталығын құру мәселесін зерделеуге шақырамын. Сондай-ақ, келесі жылы IT саласында еңбек етіп жүрген жастарымыздың арнайы форумын өткізуді ұсынамын»,  деді ол Түркі кеңесінің саммитінде.

Оның айтуынша, аталмыш шараны «Astana Hub» халықаралық IT стартаптар технопаркінде ұйымдастыруға болады.

«Қазір онда 560-тан астам компания жұмыс істеп жатыр. Оның 55-і – шетелдік компания. Стартаптар соңғы 2,5 жылда 375 миллион доллардан астам пайда тапты. Сондай-ақ, 132 миллион долларға жуық инвестиция әкелді. Жалпы, «Astana Hub» технопаркінде жеңілдетілген визалық режим бар. Ал, онда жұмыс істейтін компаниялар салықтан босатылады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.