25 Ақпан, 2014

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің бұйрығы №375-ө

353 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2013 жылғы 9 желтоқсан Астана қаласы Орман, балық және аң аулау шаруашылығы мемлекеттік мекемелері, қазыналық кәсіпорындары азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайы үшін үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 172 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 17, 302-құжат) 16-тармағының 155) тармақшасына және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат) 16-қосымшасы 1 тармағына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған орман, балық және аң аулау шаруашылығы мемлекеттік мекемелері, қазыналық кәсіпорындары азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайы үшін үстемеақылар белгілеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Б. О. Азбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары Вице-министрінің міндетін атқарушы    Е. Н. Нысанбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жаряланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы           Е.НЫСАНБАЕВ. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 375-ө бұйрығымен бекітілген Орман, балық және аң аулау шаруашылығы мемлекеттік  мекемелері, қазыналық кәсіпорындары азаматтық  қызметшілерінің еңбек жағдайы үшін үстемеақылар белгілеу  қағидалары 1. Осы Орман, балық және аңшылық шаруашылығы мемлекеттік мекемелері, қазыналық кәсіпорындары азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайы үшін үстемеақылар белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) сәйкес әзірленген. 2. Қағидалар орман, балық және аңшылық шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің, қазыналық кәсіпорындарының азаматтық қызметшілеріне (бұдан әрі – ұйымдар) үстемеақылар белгілеу кезінде қолданылады. 3. Қағидала ұйымдардың азаматтық қызметшілерін әлеуметтік қорғауды күшейту және қызметін ынталандыру мақсатында мемлекеттік мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды дамытуға бағытталған жұмыс үшін, практикада озық әдістерді қолданғаны үшін, жұмыстағы жоғары жетістіктері, аса маңызды немесе шұғыл жұмыстарды орындағаны үшін, еңбектегі күрделілік және қауырттылық үшін үстемеақылар (бұдан әрі – үстемеақы) төлеу тәртібін айқындайды. 4. Үстемеақы ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен жұмысшыларын тарту және бекіту мақсатында Қаулыға 16-қосымшада белгіленгеннен аспайтын мөлшерде лауазымдық жалақыларға белгіленеді. 5. Үстемеақылар алуға құқығы бар жұмысшылар санаттарына табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру, күзету және пайдалану жұмыстарымен тікелей айналысатын қызметкерлер, сондай-ақ Қаулымен бекітілген Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес ұйымдардың өзге де азаматтық қызметшілері жатады. Салалық келісіммен, ұжымдық шартпен және (немесе) жұмыс берушінің ұйым басшысымен жасаған актісімен айқындалған еңбек жағдайлары үшін үстемеақылардың нақты мөлшерлерін ескере отырып, үстемеақылар алатын ұйым қызметкерлері лауазымдарының тізбесі белгіленеді. 6. Ұйым қызметкерінде тәртіптік жаза болған жағдайда үстемеақы төленбейді. 7. Үстемеақылар белгілеу тиісті қаржы жылына ұйымның бекітілген еңбекақы төлеу қорының есебінен және соның шегінде жүзеге асырылады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 26 желтоқсанда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9028 болып енгізілді