Қысқы спорт • 14 Қараша, 2021

Ксения Шалыгина Шығыс Еуропа кубогінде үздік үштікке енді

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Щучинск қаласында шаңғымен жарысудан Шығыс Еуропа кубогі өтіп жатыр. Аталған сында қазақстандық Ксения Шалыгина жүлдеге ілікті деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ксения Шалыгина Шығыс Еуропа кубогінде үздік үштікке енді

Ол бес шақырымға классикалық әдіспен жарысудан үшінші орын иеленді. Бірінші және екінші орынды ресейліктар Наталя Мекрюкова мен Екатерина Смирнова жеңіп алды. 

Ал ерлер арасында он шақырымға классикалық әдіспен жарысудан жүлделі үш орынды да Ресей командасының өкілдері иеленді.