Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, тәртіпсіздіктер елдің оңтүстік-батысындағы Гуаякил қаласындағы Литорал түрмесінде болған.
Полиция мен әскерилер тәртіпті қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Тінту кезінде айтарлықтай көлемдегі қару-жарақ пен кескіш заттар тәркіленді.
Жанжал қылмыстық топтар арасындағы көшбасшылық күреске, сондай-ақ түрмедегі жағдайға байланысты туындаған деген болжам бар.