Спорт • 14 Қараша, 2021

Надежда Морозова әлем кубогінің қола жүлдегері атанды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы маусымдағы алғашқы әлем кубогі кезеңінен жүлде алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Надежда Морозова әлем кубогінің қола жүлдегері атанды

1500 метрге жарысудан А тобында сынға түскен Надежда Морозова қола жүлдегер атанды. Ол 01:56.925 уақыт көрсеткішімен үздік үштікке еніп отыр. 

Алтын медальді жапондық Михо Такаги (01:56.000), күмісті америкалық Бриттани Боуи (01:56.606) жеңіп алған. 

Айта кетелік, бүгін әлем кубогі алғашқы кезеңінің соңғы жарыс күні өтуде.