Бокс • 15 Қараша, 2021

Кәсіпқой бокс кеші өтеді

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 18 желтоқсанда елордадағы Jekpe-Jek спорт кешенінде қазақстандық боксшылардың қатысумен үлкен кәсіпқой бокс кеші ұйымдастырылады. Кештің басты жекпе-жегінде Данияр Елеусінов жартылай орта салмақтағы IBO белдігі үшін жұдырықтасады.

Кәсіпқой бокс кеші өтеді

Әзірше отандасымыздың қарсыласы белгісіз. Дегенмен қазақстандық БАҚ өкіл­дерінің жазуынша, Елеусіновке мына үш боксшының бірі қарсылас атануы мүмкін. Олар – 32 жастағы америкалық Морис Хукер (27-2-3, 18 КО), 37 жастағы Хосесито Лопес (38-8, 21 КО) және 34 жастағы Себастьян Формелла (23-2, 11 КО). Үш боксшының үшеуі де бұрын өз салмақтарының чемпионы болған. Хукер мен Лопес жартылай орта сал­мақта WBO және WBA (Super) белдігін иеленген болса, Формелла орта салмақ дәрежесінде IBO тұжырымы бойынша чемпион атанған.

Аталған бокс кешінде Данияр Елеусіновтен бөлек, ауыр салмақтағы Иван Дычко (10-0, 10 КО), супер орта салмақтағы Дәурен Елеусінов (9-1-1, 8 КО), бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегі Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) өнер көрсетеді. Сонымен қатар жеңіл сал­мақтағы қазақстандық Ержан Залилов пен Ескендір Харсан осы бокс кешінде 20 жылдан кейін бірінші рет Қазақстан чемпионы белбеуін сарапқа салады.