Теннис • 15 Қараша, 2021

Финалда жеңіліс тапты

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Братиславада (Словакия) өткен халықаралық Челленджер турнирінің жұптық сынында финалға дейін жетіп, бас жүлде үшін болған бәсекеде жеңіліс тапты.

Финалда жеңіліс тапты

Осы жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген А.Недовесов пен украиналық Денис Молчанов соңғы матчта словакиялық Филип Хорански – тағы бір украиналық Сергей Стаховскиймен бас жүлдені сарапқа салды. Словакиялық-украиналық жұп бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Олар 4 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ.

А.Недовесов пен Д.Молчанов 4 эйс жаса­ғанымен, 5 брейк-пойнттың бірде-біреуін пайдалана алмады.