Ауа райы • 15 Қараша, 2021

Солтүстікте бұрқасын мен көктайғақ болады

374 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан аймақтарында 2021 жылғы 15-ші қарашада болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын «Қазгидромет» РМК жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Солтүстікте бұрқасын мен көктайғақ болады

Солтүстік-батыс циклоны Қазақстан территориясымен тез жылжи отырып, еліміздің солтүстік жартысына көбінесе қар түріндегі, оңтүстігіне жаңбыр түріндегі жауын-шашын алып келеді. Республиканың басым бөлігінде желдің күшеюі, солтүстікте жаяу бұрқасынмен, көктайғақ, оңтүстікте тұман күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қостанай облысының солтүстігінде желдің 15 м/с күшейюі жаяу бұрқасынмен күтіледі. Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында жел 15-20, түнде екпіні 23 м/с күшейеді, облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында  тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, облыстың батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысы мен орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күтіледі. 

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20, түнде екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады.  Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысының батысы мен солтүстік-шығысында, таңертең және түнде Атырау облысының батысында  тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ, солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35