Ауа райы • 15 Қараша, 2021

Алдағы күндері -20 градусқа дейін аяз болады

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет синоптиктері 16-18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері -20 градусқа дейін аяз болады

Болжам бойынша, антлантикалық циклонмен және атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік облыстарда қар, тұман, көктайғақ, екпінді жауын-шашын, боранды жел күтіледі.

«17-18 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын күтіледі, 18 қарашада суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен республиканың батысында жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы солтүстік-батыста түнде 12-17 градусқа дейін аяз, күндіз 7-12 градусқа дейін аяз, солтүстікте, орталықта түнде 13-20 градусқа дейін, күндіз 5-15 градусқа дейін аяз болады. Шығыста түнде 6-18 градусқа дейін аяз, күндіз 1-10 градусқа дейін аяз, оңтүстік өңірлерде түнде 5-13 градусқа дейін аяз, күндіз 5 градусқа дейін жылы болады», делінген хабарламада.