Әлем • 15 Қараша, 2021

Чехия билігі Польшаға көмектесуге дайын

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чехия СІМ басшысы Якоб Кулганек Праганың Польша-Беларусь шекарасында орын алған жағдайды шешуде Польшаға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Ол бұл туралы твиттерде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Чехия билігі Польшаға көмектесуге дайын

Шенеунік поляк дипломатиясының басшысы Збигнев Раумен телефон арқылы сөйлескенін, Варшаваға қолдау білдіргенін және Праганың қажет болған жағдайда оған көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Польша Премьер-Министрі Матеуш Моравецкий ел билігі Литва, Латвия және Беларусь елімен шекарадағы мигранттарға қатысты жағдайға байланысты НАТО кеңесін шақыру мүмкіндігін талқылап жатқанын айтқан.

НАТО көші-қон дағдарысына байланысты Польша мен Балтық жағалауы елдерімен ынтымақтастық орнатқан.

«Қазіргі дағдарыс жасанды түрде жасалған жағдай, Беларусь елінің Батыс көршілеріне саяси мақсаттар жолында гибридті шабуыл ұйымдастырған түрі», деп мәлімдеді НАТО.