Коронавирус • 15 Қараша, 2021

Pfizer вакцинасын салдыратындар тізімі кеңеюі мүмкін

6048 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Асқар Мамин коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын салдыратын азаматтардың тізімі кеңейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Pfizer вакцинасын салдыратындар тізімі кеңеюі мүмкін

«Біз түрлі жолдарын қарастырып жатырмыз. Қазір МАБ аясында шешім әзірленіп жатыр, мүмкін, біз оны осы аптада жариялаймыз. Басқа санаттағы азаматтар осы вакцинаны алуы немесе қайта салдыруы мүмкін», деді Асқар Мамин БАҚ өкілдерімен кездесуде.

Еске салайық, Қазақстанда Pfizer вакцинасын тек жүкті, бала емізетін және 18 жасқа дейінгі балаларға салу жоспарланған болатын.