Алматы емханаларында 12 қарашадан бастап Pfizer вакцинасы салына бастағанынан ел хабардар болып отыр. Алайда мегаполисте әзірге жеткілікті ұжымдық иммунитет қалыптаспаған. Сондықтан 22 қарашада мегаполисте ревакциналау басталады.

Коллажды жасаған Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»
Мұның барлығы да қала тұрғындарын бейжай қалдырмайтын жағдай болғандықтан, бірнеше баспасөз мәслихаты қатар өтіп, кезекті брифингте Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының орынбасары Лаура Мырзағали: «Біз жасөспірімдерге емханаларда екпе сала бастадық. 12-17 жастағы 1 619 баланың екпе алғысы келді. Егер жасөспірімдер ата-анасының келісімінсіз екпе алуға келсе, медицина қызметкерлері әке-шешелерімен байланысқа шығып, келісімін сұрайды. Тізімдер бар, педагогтер бізге көмектеседі», деген болатын.
Дәрігерлер өз тараптарынан жасөспірімдерді вакциналау алгоритмін түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мәселен, ата-аналар, егер қаласа, балаларын вакцинлау кезінде емханада да, мектепте де бірге бола алады.
Екпеге қатысты екіұдай мәселеде мамандар пікірі қандай? Мәселен, Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман ревакциналаудан өтуді, сондай-ақ жасөспірімдерге екпе салуды ұсынады.
– Біз балалардың тынымсыз екендігін, ересектермен де, құрдастарымен де араласатынын, мектепке баратынын, сондықтан олардың инфекцияны тасымалдаушы екенін түсінуге тиіспіз. Сондықтан көптеген елде балаларды вакциналау туралы шешім қабылданды. 2 мыңнан астам балаға жүргізілген клиникалық зерттеулер Pfizer вакцинасының қауіпсіз және тиімді екенін көрсетті, – деп сендіреді А.Шарман.
Вирусолог барлық егулер өмір бойы иммунитет қалыптастырмайтынын, кейбір инфекциялардан әрбір бес, он жыл сайын, ал тұмау сияқтылардан жыл сайын егілу керектігін еске салды. Ревакциналау деген осы. Кейде «үдеткіш вакцина» термині қолданылады, яғни тағы бір қосымша.
– Уақыт өте келе вакцинаның әсері төмендейді, оның үстіне, COVID-19-дың жаңа штамдары пайда болып отыр. Қайта егу жаңа коронавирус инфекциясының барлық штамдарынан қорғау үшін антиденелердің жеткілікті деңгейін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жақында Израильде кең ауқымды зерттеу жүргізілді. Бұл вакциналаудан өткендердің барлық жас топтарында, әсіресе егде жастағы адамдарда иммундық жауап уақыт өте келе төмендегенін көрсетті. Сондықтан екпе салдырған соң 6 айдан кейін ревакциналау ұсынуға ғылыми негіздеме бар, – дейді А.Шарман.
Вирусолог вакцинаның үдеткіш дозасы туралы айта келе, бірқатар ғалымдар кросс-ревакциналауды, яғни үшінші вакцинаны басқа препаратпен алуды ұсынғанын, бірақ бұл қатып қалған қағида еместігін алға тартады.
– Денсаулық сақтау министрлігі вакциналарды араластыруды бір нұсқа ретінде қарастырады. Алдында салдырған екпемен қайта вакциналануға болатынын ешкім жоққа шығармайды. Дегенмен мен де түрлі вакциналарды араластыру тиімді болады деп санаймын. Араластыру кезінде қандай да бір қарсы көрсетілімдер болған жоқ, – дейді ғалым.
Қысқасы, профессор бұл коронавируспен бірге әлі ұзақ жүретінімізді, сондықтан екпе салдыру және ревакциналаудан өту қажет деп есептейді
Ол мегаполисте ЖРВИ-дің өршуі жағдайына қатысты түсініктеме бере отырып, коронавирус инфекциясы, тұмау мен ЖРВИ белгілері ұқсас. Бірақ ковидтің қосымша симптомы – дәм, иіс сезу жоғалуы және ентігудің пайда болуы мүмкін дейді.
– Коронавирус инфекциясы ПТР тестілеу арқылы анықталғаны маңызды. Оның белгілері үшін талдау жасау және кез келген жағдайда, тіпті коронавирус болмаса да, оқшаулау керек, – деп кеңес берді профессор.
– Мен коронавирусқа, жақында тұмауға қарсы егілдім. Бұл екі түрлі инфекция және оның өзара сәйкестігі болуы мүмкін. Қос инфекцияның салдары әрқашан ауыр болады, – деді спикер.
Сондай-ақ ол қазірдің өзінде вакциналанған азаматтарға, әсіресе, 60 жастан асқан және созылмалы аурулары бар адамдарға коронавирусқа қосымша үдеткіш вакцина алу керектігін түсіндірді.
– Израиль ғалымдары коронавирус инфекциясына иммундық жауаптың вакцинаның алғашқы екі дозасынан соң 6 айдан кейін төмендейтінін дәлелдеді. Сондықтан ревакциналау ұсынылады. Бұл қаншалықты жиі қажет болатыны әлі нақты белгісіз. Ол жыл сайын өтуі мүмкін, мұның бәрі пандемияның қалай болатынына байланысты, – деді А.Шарман.
Профессор коронавирус инфекциясы эндемиялық болғандықтан, бізбен ұзақ уақыт бірге болады деп санайды. Кейде бұл тұмау сияқты кішігірім өршиді. Сондықтан мүмкіндігінше көп адамның вакциналануы және ревакциналаудан өтуі өте маңызды.
Алматыда бір күнде 300-ден астам жасөспірім, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар Pfizer екпесін алды. Ең алдымен, мектеп оқушылары, колледж студенттері, жүкті және бала емізетін аналар екпе алды. 2 ай бұрын екінші сәбиін дүниеге әкелген Алматы қаласының тұрғыны Вероника Букша екпені бірінші болып алды. «Мен бала емізетін анамын, сондықтан баламды, өзімді, отбасымды мүмкіндігінше қорғағым келеді, емханадан медицина қызметкерлері шақырып, алғашқылардың бірі болып Pfizer екпесін алғаныма өте қуаныштымын», дейді Вероника.
Алматы облысы Қарасай ауданына жаңа әкімі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:12
Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы жаңа мешіттің ашылуына қатысады
Елбасы • Бүгін, 12:01
Алматыда есірткі қолданған автобус жүргізушісі ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:53
Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 11:42
Абай облыстық қоғамдық кеңесінің мүшелері іріктелді
Аймақтар • Бүгін, 11:38
ШҚО-да қаңғыған ит-мысықтарды аулауға 150 млн теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 11:30
Дизельді заңсыз сатқан кәсіпкерге үкім шықты
Қоғам • Бүгін, 11:23
«Қазақстан халқына» қоры 2 мыңнан аса студентке білім грантын ұсынды
Қоғам • Бүгін, 11:17
Елімізде 24 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:54
Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар көбейді
Әлем • Бүгін, 10:47
Индор хоккейден қазақстандықтар тағы жеңіске жетті
Хоккей • Бүгін, 10:38
12 тамызға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:30
Қарағандыда автобус емхананың қоршауына соғылды
Оқиға • Бүгін, 10:22
12 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:10
Әлихан Смайылов қант монополисінің қызметін тексеруді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 10:02
«Тобыл» Конференция лигасын ерте аяқтады
Спорт • Бүгін, 09:52
Бірқатар өңірде ауа сапасы нашарлады
Экология • Бүгін, 09:45
«Қызыл-Жар» кипрлік клубпен тең түсті
Футбол • Бүгін, 09:35
2186 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:30
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке сайланды
Тағайындау • Бүгін, 09:22
Коронавирус • Бүгін, 09:13
Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:08
Бір күнде 1643 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Теннис • Бүгін, 08:45
Футбол • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:37
Шілде айындағы үздіктер анықталды
Футбол • Бүгін, 08:35
Шахматшылардың тарихи жетістігі
Спорт • Бүгін, 08:34
«Алтын тай» Аягөздің еншісінде
Аймақтар • Бүгін, 08:32
Орақ науқанына дайындық ойдағыдай
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Курчатовта медицина мамандары тапшы
Аймақтар • Бүгін, 08:28
Оныншы қабаттан құлаған баланы қағып алған
Қоғам • Бүгін, 08:25
Халықтан ақша жинау заңмен реттеледі
Қоғам • Бүгін, 08:22
Сақтандыру нарығында көрсеткіштер өскен
Экономика • Бүгін, 08:20
Әуежайдағы жарылыстың себебі белгісіз
Әлем • Бүгін, 08:18
Солтүстікке көшіп келушілердің жағдайымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 08:15
Режиссерлерге тең мүмкіндік берілуге тиіс
Кино • Кеше
Шабындық... бірде көл, бірде шөл
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар