Коронавирус • 16 Қараша, 2021

Коронавирус пен пневмониядан бір күнде 18 адам қайтыс болды

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Коронавирус пен пневмониядан бір күнде 18 адам қайтыс болды

14 қараша күні Қазақстан аумағында 16 адам - коронавирустан, тағы 2 сырқат - пневмониядан қайтқан. Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Павлодар облысында - 4 науқас. Солтүстік Қазақстан облысында - 3, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Ақмола облысында - 2, Алматы, Қарағанды, Атырау облыстарында - бір адамнан көз жұмған.

Тек Шымкент қаласы мен Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.