Руханият • 16 Қараша, 2021

Мұқағалидың мәжіліс залы

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханада мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев атындағы Мәжіліс залының ашылу салтанаты өтті. Бұл зал ақынның туғанына 90 жыл толуына орай ашылып отыр.

Мұқағалидың мәжіліс залы

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткері, профессор Мыр­затай Жолдасбеков, филология ғы­лым­дарының докторы Әділ Ахметов, жазушы, Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты Әлібек Асқар, Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жү­сіп, Пар­ламент Мәжілісінің депутаты Қа­­зыбек Иса, Халықаралық М.Ма­қатаев қорының президенті Бақытгүл Айдарова, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов сынды қоғам қайраткерлері мен шығармашыл жастар қатысты. Әдеби жиын барысында ақын туралы естеліктер айтылып, өлеңдері оқылды.

Айта кетейік, Мұқағали Мақа­­таев атындағы Мәжіліс залының ашы­луындағы негізгі мақсат – қа­зақтың өлең-сөзін жаңа кеңіс­тік­ке алып шыққан жиырмасын­шы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі болған ақынның мол мұрасын насихаттау, оқырмандарды әде­биет­ті сүюге және өлең құдіретін ба­ға­лай білуге баулу, қазақ ақын-жа­зушыларының шығармаларын насихаттау болып отыр.