Спорт • 16 Қараша, 2021

Жансель жарап тұр

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция астанасы – Парижде таэквондодан French ECOpen 2021 халық­аралық турнирі аяқталды. Аталған жарысқа қазақстандық спортшылар да қатысты.

Жансель жарап тұр

2018 жылы Джакартадағы Азия ойындарында, оның алдында Тайпейде өткен жазғы Универсиадада күміс жүлде иеленген Жансель биылғы жарыстарда да жарап тұр. Бір айдың ішінде үш ірі турнирге қатысқан отандасымыз барлық жарыста жүлдегерлер қатарынан көрінуде.

Атап айтар болсақ, қазанның екінші жартысында Черногориядағы рейтингтік турнирде, өткен аптада Пәкістандағы 2021 COAS Pakistan Open Taekwondo Championships бәсекесінде топ жарған Жансель күні кеше Париждегі жарыста қола жүлдеге қол жет­кізді.