Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
«2025 жылы мектеп бітірушілерге 75 мың грант бөлінеді. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған шәкіртақы көлемі артады. Атап айтқанда бакалавр студенттерінің шәкіртақысы 2025 жылы 2 есе, магистратура мен доктарантурада білім алушылардың стипендиясы 1,5 есе өседі», деді Асхат Аймағамбетов.