Оқиға • 16 Қараша, 2021

Орал қаласының тұрғындары сусыз қалды

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда құбырдағы апат салдарынан 11 мыңнан астам абонент сусыз қалды, деп жазады Egemen.kz.

Орал қаласының тұрғындары сусыз қалды

«Батыс су арнасы» ЖШС баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 16 қараша күні Әбілқайыр хан даңғылы 159-мекенжайында болған.

«Қазіргі кезде апатты жою үшін қаланың коммуналдық қызметтерімен келісу жұмыстары жүргізілуде. Апат салдарынан «Құрылысшы», «Солтүстік-шығыс» және 4-шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үйлер, барлығы 11 462 абонент сусыз қалды. Су құбырын бүгін ретке келтіру ойластырылуда», деп хабарлады ведомстводан.