Президент • 16 Қараша, 2021

Қ.Тоқаев: Ауыл әкімдерінің жартысынан көбі қайтадан сайланды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізудің тиімділігіне баға берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қ.Тоқаев: Ауыл әкімдерінің жартысынан көбі қайтадан сайланды

«Инклюзивті қоғамды одан әрі құру үшін мен партиялардың сайлау тізімдеріндегі квота санаттарының тізбесін ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қосу үшін кеңейтуді ұсындым», деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Мемлекет басшысы атап өткендей, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлаудың енгізілуі қоғамды демократияландыру жолындағы үлкен қадам болды.

«Биыл елімізде 800-ден астам ауыл әкімі сайланды. Осы сайлау нәтижесінде тізім екі есеге жаңартылды. Партиялардың белсенділігі, өзін-өзі ұсынған кандидаттардың көптігі және сайлаушылардың жоғары белсенділігі бұл реформаның уақытылығы мен өзектілігін көрсетті», деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.