Білім • 16 Қараша, 2021

Қаржы тікелей білім гранты иесіне берілуі тиіс - Қ.Тоқаев

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік білім грантының қаражаты студенттің есепшотына аударылуы тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржы тікелей білім гранты иесіне берілуі тиіс - Қ.Тоқаев

«Келесі мәселе мемлекет жастарға білім беру үшін жоғары оқу орындарына өте көп грант бөледі. Бүгінде бір студентті оқыту құны шамамен 4 млн теңге. Грант саны жыл сайын артып келеді. Енді қаржыландыру тәсілін өзгерткен жөн. Қаржы тікелей грант иесіне берілуге тиіс. Яғни, студент оқу ақысын өзі төлеуі керек. Бұл қаражат студенттің арнаулы есепшотына түседі деген сөз. Оны тек оқу ақысын төлеуге жұмсау керек. Бұл тәсіл жоғары және жоғары оқуынан кейінгі білім алу саласында бәсекелестікті арттырады. Сондай-ақ мемлекеттік тапсырыстың ашық болуын қамтамасыз етеді. Білім сапасын жақсартып, студенттердің жауапкершілігін де арттыра түседі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президенті Үкімет бұл шешімді жүзеге асыру жолдарын мұқият ойластыруы керектігін айтты.