Қазақстан • 17 Қараша, 2021

Өзекті мәселелер зерделенді

779 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институ­тының «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері коми­тетінің қолдауымен «Қазақстан жастары – 2021» Ұлттық баяндамасының жобасын талқылады.

Өзекті мәселелер зерделенді

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Аян Сақошевтың сөзіне қарағанда, биылғы жылы Ұлттық баяндама ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында дайындалған. Атап айтқанда, баяндамада 10-20-30 жас аралығындағы жастар ортасының даму динамикасына салыстырмалы талдау жасалған. Құжатты дайындау барысында әлеуметтік үрдістер мен қазіргі даму заңдылықтарына сапалы талдау жүргізу мақсатында 4 әлеуметтік зерттеу, сондай-ақ сарап­тамалық және ғылыми қауым­дастықпен әлеуметтік консультациялар жүргізілген.

Қолданбалы этносаяси зерт­теулер институты директо­ры­ның орынбасары Дана Әшім­ханова баяндаманың ғы­лыми авторларының бірі ретін­де жас­тардың қоғамдық-сая­си процес­терге тартылуына сарап­тама­лық баға берді. Ол жастар орта­сындағы өзекті трендтерді айтып берді. Оның айтуынша, бү­гінгі таңда жоғары ұтқырлық, зама­науи тех­но­ло­гияларды пайдалану қар­қы­ны және саламатты өмір салты ең танымал трендтерге айналып отыр.

Л.Н.Гумилев ЕҰУ Халық­ара­­лық қатынастар факультеті Аймақтану кафедрасының до­цен­ті Жасұлан Нұрбаев өз сө­зін­де ­жастар үшін білімнің қол­жетімділігі мен сапасына на­зар аударып, бірінші кезекте қала­лық және ауылдық мек­тептер арасындағы алшақтықты атап өтті. Ол сондай-ақ қазір­гі тенденция­лар мен бола­шақ­та сұранысқа ие болатын ма­ман­дықтар, жас­тар­дың ғы­лым­­­­дағы мүмкіндікте­рі мен ­перс­­­­пективалары туралы айтты.

Президент жанындағы Қа­зақ­стан стратегиялық зерттеу­лер инс­титуты Әлеуметтік-саяси зерт­теулер бөлімінің басшысы Индира Рыстина мемлекеттік жас­тар саясатының 30 жылдағы даму хронологиясымен таныстырды. Ол осы жылы мемлекеттік жас­тар саясатын іске асырудың жа­ңа кезеңі басталғанын жеткізді, оған жаңа заңнамалық бастамалар, жас­тарды дамыту индексін енгізу, жастарды қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған ке­шенді жоспарын іске асыру кіреді.

Өз кезегінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жас­тар және отбасы істері коми­тетінің төрағасы Шахмардан Бай­манов қазақстандық жас­тардың өзекті мәселелерін шешу­де мемлекеттің, ғылыми-сарап­шылық қауымдастықтың және жастардың өзара іс-қимылының маңыздылығына тоқталды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдама­сы аясында жалпы бірлесіп жасайтын жұмыстар жаһандық дамудың заманауи сын-қатер­леріне дер кезінде жауап беруге мүмкіндік береді», деді ол.

Кездесу қорытындысы бо­йынша сарапшылар «Қазақстан жастары – 2021» Ұлттық баяндамасын маңызды құжат және іс жүзінде ғылыми еңбек деп таныды.

Құжатта қазақстандық жас­­тардың тұрмыс-тірші­лігі­нің не­гізгі салаларындағы қалып­тас­қан жағдайларға жан-жақты талдау ұсынылған. Баяндама авторлары мен сарапшылар жас ұрпақтың бірінші кезек­те­гі қажеттіліктерін анықтады. Сон­дай-ақ баяндаманың әр тара­уында көрсетілген негізгі тренд­терді, қызығушылықтар мен сұраныстарын анықтауға мүм­кіндік беретін үлкен ғылыми жұмыс атқарды. «Жастар» ҒЗО 2013 жылдан бастап жыл сайын «Қазақстан жастары» Ұлттық баян­дамасын дайындап келе жат­­қанын атап өту қажет.

Іс-шара санитарлық-эпиде­мия­лық нормаларды сақ­тай оты­рып, онлайн және офлайн режі­мінде өтті.

Айта кетейік, сарапшылар жиы­нына мемлекеттік және жер­гілікті атқарушы органдардың, жастар ұйымдары мен ресурстық орталықтардың қызметкерлері, сондай-ақ Президент жанында­ғы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының, Қол­данбалы этносаяси зерттеулер инс­титутының, «Рухани жаң­ғыру» қазақстандық қоғам­­дық даму институты мен «Қоғам­дық пікір» институтының, Л.Н.Гу­ми­лев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінің жетекші ғы­лыми қызметкерлері қатысты.