Коронавирус • 17 Қараша, 2021

4,7 мыңнан астам жасөспірім мен жүкті және бала емізетін әйел вакцина салдырды

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда вакцина салдырғандарға қатысты соңғы мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

4,7 мыңнан астам жасөспірім мен жүкті және бала емізетін әйел вакцина салдырды

17 қарашада Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 8 578 822 адам, ІІ компонентін 7 864 800 адам салдырды.

Сондай-ақ, 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялауға қатысты 16 қарашадағы мәлімет бойынша «Комирнати» (Pfizer) препаратының І компонентін 4 779 адам салдырды.