Бокс • 17 Қараша, 2021

Екі боксшымыз үздіктер қатарында

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақтағы қазақстандық бокс­шылар Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) әйгілі The Ring журна­лының қараша айындағы рейтингінде үздіктер қатарынан көрінді.

Екі боксшымыз үздіктер қатарында

IBF және IBO белдігінің иегері Геннадий Головкин жаңа нұсқадағы рейтингте бірінші орында тұрса, Жәнібек жетінші сатыға жайғасқан. Ал үздік үштікті орта салмақтағы WBC тұжырымының чемпионы Джермалл Чарло (АҚШ) мен WBO чемпионы Деметриус Андраде (АҚШ) түйіндеп тұр. Одан кейінгі орындарға украиналық Сергей Деревянченко, мексикалық Хайме Мунгия, жапониялық Риота Мурата, ұлыбританиялық кіші Крис Юбенк, Лиам Уильямс және Феликс Кэш тұрақтаған.