Қазақстан • 17 Қараша, 2021

Сыртқы істер министрінің орынбасары ЕКПА төрағасымен кездесті

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Рик Демспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрінің орынбасары ЕКПА төрағасымен кездесті

Тараптар Қазақстан мен Еуропа Кеңесінің екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, соның ішінде ЕКПА-мен, құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиямен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ЕК мемлекеттерінің тобымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Министрдің орынбасары Қазақстан мен ЕКПА арасындағы саяси диалог дамуының оң динамикасын атап өтіп, заң шығару қызметінде тәжірибе алмасу, демократия мен құқық үстемдігі қағидаттарын ілгерілету, сондай-ақ Қазақстанның бірқатар еуропалық конвенцияларға, оның ішінде Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенциясына қосылуы тұрғысынан бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Р.Демс Қазақстанның саяси реформаларды жүзеге асырудағы жұмысы мен жетістіктерін құптап, ЕКПА-ның Қазақстанмен парламентаралық байланыстарды нығайтуға және Еуропа Кеңесінің басқа институттары шеңберіндегі ынтымақтастықты кеңейтуге жәрдемдесуге дайын екендігіне сендірді.

Қазақстан Республикасының Парламенті мен Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге ЕКПА-ның көктемгі сессиясы шеңберінде 2004 жылғы 30 сәуірде Страсбургте қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03