Жекпе-жек • 17 Қараша, 2021

Сарапшы: Шавкат Рахмонов 2023 жылы чемпион атанады

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нидерландылық журналист Марсел Дорф UFC-де бақ сынап жүрген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың қашан чемпиондық шайқасқа шығатыны туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Сарапшы: Шавкат Рахмонов 2023 жылы чемпион атанады

«Шавкат Рахмонов жанкүйерлерге таңдай қақтырудан жалыққан емес. Ол қазірдің өзінде жартылай орта салмақтағы көптеген мықты спортшылар үшін қауіпті қарсылас екені рас. Оны олар да сезеді. Егер бәрі біз ойлағандай сәтімен жалғасса, Шавкат 2023 жылы чемпиондық белбеуге таласу үшін сегіз бұрышқа шығатындығына бек сенімдімін», дейді ол.

Журналистің пікірі шындыққа жанасады. Әр жекпе-жегінде тамаша шеберлігімен көзге түсіп жүрген Шавкатты алда рейтингілік шайқастар күтіп тұр. Алдымен соларды жарқын мәнерде жеңуі керек.