Біздің мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізген күнімізге дейінгі саяси, құқықтық жағдайымызды бүгінгі жас ұрпақ біле бермейтіні белгілі. Тіпті сол жылдарды кейбір аға ұрпақ өкілдерінің өздері ұмытыңқырап бара жатқаны да жасырын емес. Мемлекеттік тәуелсіздік елімізге түбегейлі өзгерістер алып келді. Өзгерістер жасайтын мүмкіндіктер туды. Бірақ ол өзгерістер өз-өзінен бола қойған жоқ. Мәселе сол өзгерістерді қалай пайдалана алғанымызда.

Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жария еттік. Ендігі жерде мемлекет құрлысы, халықтың тұрмысы, бүкіл тыныс-тіршілігі, қауіпсіздігі, қорғанысы, дүниежүзілік қауымдастықпен қарым-қатынасы, ішкі-сыртқы саясаты, тағы да басқа маңызды бағыттар бойынша қандай жолмен ұйымдасып, қандай реформаларға жұмылу қажет деген сұраққа жауап іздегенде, әрине, мыңдаған отандасымыз, ең алдымен, Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекеттік, қайраткерлік еңбегін айту әділдік болса керек.
ХХ ғасырда халқымыз басынан өткерген саяси қуғын-сүргін, ашаршылықтар салдарынан әлемнің 40-тан астам еліне шашырап кеткен қазақ баласын елге қайтару Тәуелсіздігіміздің бірінші күнінен бастап Тұңғыш Президентіміздің, Үкіметтің басты назарында болды. Бұрынғы, яғни 70 жылдан астам уақытта шетелдегі қазақтармен қарым-қатынасымыз үзіліп қалған еді. Сол аласапыран кездің өзінде шетелдегі қандастарымызбен қарым-қатынас орнатып, олардың елге қайтам дегендеріне мейлінше жағдай жасау тапсырмалары құзырлы органдарға міндеттелді. 1992 жылдың күзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Алматы қаласында Дүниежүзілік қазақтардың І құрылтайы өткізіліп, оған шетелдерден 2 мыңға жуық қандас жиналып, шын мәнінде рухани, саяси бостандықты сезіндік.
Міне, қазақтың ұлы көші сол жылдары, осыдан 30 жыл бұрын басталып еді. Тәуелсіздігіміздің арқасында ел мен ел қосылып, ежелгі қазақ жері жаңа дәуірдің құт мекеніне айналып отыр. Ол көш өзінің керуенін жылдан жылға өсіріп келеді. Өйткені адамдардың көші-қоны – үнемі жалғастықтағы құбылыс. Тәуелсіздік дәуірінде қазақ жеріне шетелдерден 1 миллионнан астам қандасымыз тұрақты келіп, орнықса да болашақ тағдырын атамекенімен байланыстыру арманы келген бауырлардан бірнеше есе көп сыртта жүрген бауырлардың арманы екені де айғақ. Бұл сөз жоқ, біздің қазақ халқының ұлттық мемлекеттік тәуелсіздігіміздің жарқын жеңісі.
Қуаныш СҰЛТАНОВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар