Қазақстан • 18 Қараша, 2021

Шөмішбай Сариев атындағы зал

412 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық академиялық кітапханасында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ақын, І дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері Шөмішбай Сариев атындағы шығармашылық залының ашылып, «Жүрегім – қазақ елі» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Шөмішбай Сариев атындағы зал

Іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райым­құлова, жазушы, филология ғы­лым­дарының докторы Уәлихан Қа­лижан, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тұр­­ғынбеков, композитор, Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты Тө­ле­­ген Мұхамеджанов, Қа­зақ­­стан және Татарстан Рес­пуб­­ли­касының ха­лық әртісі, Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты Нұр­жамал Үсенбаева, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері Жоламан Тұр­сынбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген әр­тісі Нұрлан Өнербаев сынды өнер жұлдыздары мен ақын­ның отбасы қатысты.

Шөмішбай Сариев атындағы шығармашылық залда оқыр­мандар ән өнерін шырқау биікке көтерген ақынның шы­ғар­ма­шылығымен таныса отырып, кітап оқу, фильм көру, муль­ти­ме­диалық ресурстар қорынан му­зыка тыңдай алады. Сондай-ақ арнайы кәсіби құ­жат­тар қоры ор­наласқан. Бұл қор сәу­­лет, музыка, бейнелеу және кес­­кін­деме тағы басқа өнер са­лаларын қамтиды. Шөміш­бай Сариев атындағы шы­­ғарма­шылық зал қорында әлемдік және отандық өнер тура­лы туындылар мен көрнекті өнер қайраткерлерінің, белгілі ком­по­зиторлардың, музыкант­тар­­дың, өнертанушылардың шы­ғар­­ма­лары электронды түрде жи­нақ­тал­ған. Сонымен қатар оқыр­ман­дар ноталық басылымдарды тың­дап әрі күйсандықта орындай алады.

Шығармашылық зал алдағы уақытта өнер саласы бойынша әлем әдебиеттерінің әмбебап қорын құра отырып, Қазақстан мәдениеті мен өнері бойынша әдебиеттер қорын жетілдіру мен насихаттау, ақпараттық, мәдени және білім берумен айналысады. Бұдан бөлек зерттеушілер мен ғалымдарға, магистранттарға ақ­параттық-биб­лиографиялық қыз­мет көрсету, мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу жұмыстарын да атқарады.

Айта кетейік, Шөмішбай Са­риевтің «Жүрегім – қазақ елі» атты жаңа жыр жинағы биыл «Атамұра» баспасынан жарық көрді. Жинаққа ұлтымыздың тә­уел­сіздігін ұлықтайтын, ұрпа­ғы­­мызды ұлтты сүюге, ұлттық патриотизмге ұмтылдыратын шы­ғар­малары топтастырылған.