Спорт • 18 Қараша, 2021

Азияда үздік үштікте

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бангладеште өтіп жатқан садақ атудан Азия чемпионатында Қазақстан құ­рамасы сәтті өнер көрсетуде. Кеше қыз­дар арасындағы командалық сында жер­­лестеріміз қола жүлдеге қол жеткізді.

Азияда үздік үштікте

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада коми­тетінің мәліметі бойынша классикалық садақ атудан командалық жарыста Қазақстан қыздар командасы үздіктер қатарынан көрінді. Құрамында Роксана Юнусова, Виктория Лян және Диана Макарчук сынды тәжірибелі спортшылары бар біздің құрама кіші финалда Үндістан командасымен кездесіп, тартысты өткен бәсекеде 220:208 есебімен жеңіс тойын тойлады. Осылайша, қазақстандықтар құрлық додасының қола медалін олжалады.

Ал ерлер арасындағы сында Санжар Мұ­саев, Ильфат Абдуллин және Дәулеткелді Жаң­бырбай жарыс қожайындары – Бангладеш командасына 2:6 есебімен жол берді.