Футбол • 18 Қараша, 2021

Іріктеу ойындары аяқталды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропа құрлығында 2022 жылы Қатар­да өтетін әлем чемпионатына жолдама беретін іріктеу матчтары аяқталып, жаһандық додаға тікелей жолдама алған 10 құрама белгілі болды.

Іріктеу ойындары аяқталды

16 қарашада аяқталған іріктеудің нәтижесі бойынша өз топтарында бірінші орын алған Гер­мания, Дания, Бельгия, Франция, Хорва­тия, Испания, Сербия, Англия, Нидерланд және Швейцария құрамалары 2022 жылғы әлем чемпионатында ойнайтын болды. Ал өз тобында екінші орынға табан тіреген Пор­тугалия, Швеция, Италия, Украина, Уэльс, Шотландия, Түркия, Ресей, Польша, Солтүс­тік Македония мен Ұлттар лигасынан Аустрия мен Чехия футболшылары електік ойын өт­кізіп, қосымша жолдаманы сарапқа салады.

Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Аме­рика құрлығынан Бразилия мен Аргентина құрамалары Қатарға баратындардың қатарын толықтырған еді. Жарыс қожайындарын қоса есептегенде бүгінге дейін әлем біріншілігіне қатысатын 32 құраманың 13-і белгілі.